22 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың шаруашылық-қаржылық қызметінде жиі жол берілетін бұзушылықтарды талқылау бойынша диалог форматында семинар-кеңес өткізді.

Жиналысқа Атбасар ауданы әкімінің м.а. Қ.Ө. Қуатбеков, қаржы қызметтерінің, мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Семинар жұмысына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М. Ш. Тақамбаев, мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы С.Х. Әбдрахманов, бас инспектор – мемлекеттік аудитор М.Д. Тұрлыбекова қатысты.

Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы С. Х. Абдрахманов бухгалтерлік есеп саласындағы заңнаманы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі негізгі заң бұзушылықтар, сондай- ақ ҚР заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері туралы-хабардар етті және түсініктемелер берді.

Сондай-ақ, семинар барысында проблемалық мәселелер талқыланып, нақты түсініктемелер берілді.

Қорытындылай келе, туындаған бұзушылықтарды болдырмау және жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар берілді.