Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар - кеңес

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар - кеңес
 
Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің басшысы Жұмабек Данагүл Ғалиоллақызы жұмыс сапарымен Атбасар ауданына келді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында Д.Ғ. Жұмабек қызмет көрсету процесіне тартылған қызметкерлерге мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама қағидаларын, сондай-ақ осы саланы реттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарды түсіндірді.
Аталған семинарға жер қатынастары, сәулет, әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамту, спорт, ауыл шаруашылығы, білім беру, ветеринария, мұрағат, денсаулық сақтау және т.б. салаларда мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер қатысты.
Семинар барысында қызмет көрсетушілер сұрақтар қойып, пікір алмасты.