Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін Күнімен құттықтау

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін Күнімен құттықтау

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қай кезеңде де журналистер жоғары кәсіби деңгейімен және айқын азаматтық көзқарасымен ерекшеленеді.

Оқырмандарды ең маңызды әрі өзекті тақырыптар бойынша хабардар етіп, мемлекеттік органдардың жұмысын түсіндіре отырып, еліміздің дамуына және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға қолдау көрсетіп келесіздер.

Өз ісіне азаматтық көзқараспен қарап, жаңашылдыққа ұмтылып, маңызды жұмысыңызды атқара жүріп, қайнаған ортадан табыласыздар.

Қоғамның ең өткір, ең өзекті сауалдарына жауап табуға тырысып, үнемі ізденіс үстінде тынбай жүресіздер.

Аудан әкімшілігі үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық -ақпараттық саясаттың негізі болып табылады, өйткені біздің міндетіміз бір – қоғамды біріктіру, руханият пен патриотизмді арттыру, жастарды тәрбиелеу.

Сіздер арқылы аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алады. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайық.

 Құрметті достар!

         Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып,  дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін! Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

А.Ә. Қалжанов

Атбасар ауданының әкімі