Атбасар ауданы әкімінің Қазақстан Республикасының Полиция күнімен құттықтауы

Атбасар ауданы әкімінің Қазақстан Республикасының Полиция күнімен құттықтауы

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

       Сіздерді Қазақстан Республикасының Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

       Биыл Қазақстан Республикасы Полициясының құрылғанына 30 жыл толды.

       Әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру үшін біз республикада демократия мен құқық тәртібі қағидаттарын бекітуіміз қажет. Бұл бүгінгі күннің басты талабы.

       Сіздердің кәсіби қызметтеріңіз үлкен жауапкершілік жүктейді және кез-келген қауіп-қатерге тайсалмай қарсы тұруымен ерекшеленеді. Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес.

       Әрдайым аудан халқының тыныштығын қырағы күзетіп, оны қорғауға және қылмыстардың белең алуына тойтарыс берудегі кәсібиліктеріңіз, жоғары іскерліктеріңіз, жанқияр еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық.

Қадірлі полиция қызметкерлері!

       Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілеймн. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

       Мерекелеріңіз құтты болсын!

Атбасар ауданының әкімі А. Қалжанов