Атбасар ауданы әкімінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күнімен құттықтауы

Атбасар ауданы әкімінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күнімен құттықтауы

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

       Сіздерді 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

       Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылы әр жылдың 23 маусымын мемлекеттік қызметшілер күні деп атап өту жөнінде ұйғарым жасаған болатын. Сол себептен 2014 жылдан бастап елімізде 23 маусым Мемлекеттік қызметші күні деп атап өтілуде.      Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Мемлекеттік қызметшілерге реформалар мен елді жаңғыртуда «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруда ерекше жауапкершілік жүктеледі».

       Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады.

       Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында алдағы уақытта да жаңа Қазақстанды, аудан экономикасын дамытуды қалыптастыру мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенімдімін.

Құрметті әріптестер!

       Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып,  Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!

       Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Атбасар ауданының әкімі А. Қалжанов