Енді дайын құжаттарды алу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгіну міндетті емес.
Қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде дайын құжаттарды клиенттің үйіне немесе жұмысына дейін жеткізу қызметі іске қосылды. Оның ішінде 150-ге жуық мемлекеттік қызмет, атап айтқанда: жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелеріне актілер, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалар бар.
Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің телефон нөміріне SMS-хабарлама келіп түседі. Хабарламадағы сілтеме арқылы өтінімді толтырса жеткілікті. Құжатты жеткізу мерзімі - 1 жұмыс күні. Қызмет ақылы болып табылады, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.
Біз клиенттер үшін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Бүгінде дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті енгізудеміз. Бұл біздің клиенттеріміздің мемлекеттік қызметтерді алу үшін жұмсайтын қаражаты мен уақытын айтарлықтай үнемдейді.