10жыл ішінде 40 миллион өтініш қабылданды

10жыл ішінде 40 миллион өтініш қабылданды

2021 жылдың 29 қарашасында 1414 Біріңғай байланыс-орталығына 10 жыл толады. Осы 10 жыл арасында Қазақстан бойынша 40 000 000 астам өтініш өңделген. Байланыс-орталығы алғашқы рет Нұр-Сұлтан қаласында ашылған және бірінші жылы онда 20 оператор жұмыс атқарған.

Қазіргі уақытта Біріңғай байланыс-орталығында 353 операторлар жұмыс атқаруда, олар 690 мемлекеттік қызметтер, 243 сервис бойынша және 10 ақпараттық-коммуникациялық қызметттер бойынша кеңес береді. Клиенттерге сонымен қатар вакцинация, Ashyq бағдарламасы бойынша ақпарат беріледі, ерекше мұқтаж адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ХҚКО-нан қызметкерлерді үйге шақыру үшін өтініштер қабылданады. Деректердің өзекті базасын қалыптастыру үшін ББО 26 мемлекеттік органдармен өзара байланыс жасайды.

Орта есеппен бір оператор шамамен күніне 120 қоғырау қабылдайды.

2021 жылдың жазында ББО кеңселері төрт қалада  – Қызылорда, Қостанай, Көкшетау және Петропавлда ашылды.

Біздің қалада штаттық режимде 50 оператор жұмыс атқарады, сонымен қатар вакансиялық орындар бар.

Оператордың жауабын күту уақыты 16 секундке дейін қысқартылды, мәзірден кейін үзілген қоңыраулардың пайызы - 1%, клиенттердің орташа қанағаттандандырылған бағасы бес балдық шкаласы бойынша 4,78 баллға дейін өсті.