«АУКЦИОН» www.gosreestr.kz

«АУКЦИОН» www.gosreestr.kz

Атбасар ауданының әкімдігі 2021 жылғы 31 тамызда сағат 10.00-де мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz (бұдан әрі-Портал) жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша ағылшын әдісімен электрондық аукцион өткізілетінін хабарлайды.

Аукционға қатысуға өтінімдер беру «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» Қ.Р. Үкіметінің 2011 жылғы 09.08. №920 қаулысына және «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» » (бұдан әрі- Қағидалар) Қ.Р. Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31.03. №290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды. Аукционға қатысу үшін:1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толықатауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса); 3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына рұқсат беріледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бірсағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. (Аукцион залы-аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі). Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады. Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісінің сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік  екі жұмыс күні ішінде мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап  күнтізбелік бір жұмыс күні ішінде мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады. Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі: Төлемді алушы: АО  «Ақпараттық-есептеуорталығы» АҚ;  БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 16. Есеп айырысу шоты (IBAN/ИИК) «ҚазақстанХалықБанкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX. Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды. Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

Сауда-саттықтың ағылшын әдісін қолдана отырып, аукционға бағаны көтеруге мынадай сату объектілері - 6 жер теліміне (лотқа) 6 жыл мерзімге жалға беру құқығы қойылады:

№ 1 - спорт кешенін, ашық спорт алаңдары бар хоккей кортын салу үшін; Шуйское а., №1 учаске; ауданы - 1,0 га; бастапқы баға – 139 320 теңге; кепілдік жарнаның сомасы – 145 850 теңге; жалдау ақысы – 4 800 теңге.

№ 2 - Жер учаскесінің: нысаналы мақсаты - коммерциялық қызмет объектісін салу үшін; мекен-жайы - Атбасар қаласы ЖТҚ тұрғын үй массивінің аумағында 10,5 га, №2 учаске; ауданы - 0,1400 га; бастапқы баға– 130 032 теңге; кепілдік жарнаның сомасы – 145 850 теңге; жалдау ақысы – 7 028 теңге.

№ 3 - коммерциялық қызмет объектісін салу үшін; Атбасар қаласы, Степной кентінің ЖТҚ тұрғын үй массивінің аумағында, №3 учаске; ауданы - 0,1584 га; бастапқы баға – 147 122 теңге; кепілдік жарнаның сомасы– 145 850 теңге; жалдау ақысы – 7 952 теңге.

№ 4 - коммерциялық қызмет объектісін салу үшін; Атбасар қаласы Степной кентінің ЖТҚ тұрғын үй массивінің аумағында, №4 учаске; ауданы - 0,1440 га; бастапқы баға – 133 747 теңге; кепілдік жарнаның сомасы – 145 850 теңге; жалдау ақысы – 7 229 теңге.

№ 5 - ауыл шаруашылығы техникасының ашық тұрағын салуға арналған, жүк машиналарына арналған жөндеу цехы бар жабық гараж, қосалқы бөлшектер қоймасы салу үшін; Новосельское ауылы, №1 учаске; ауданы - 9,2573 га; бастапқы баға– 1 633 654 теңге; кепілдік жарнаның сомасы– 145 850 теңге; жалдау ақысы– 44 435 теңге.

№ 6 - ІҚМ мен қойларға арналған ферма салу үшін; Новомариновка а., ауылдың солтүстік-батыс бөлігінде, №1 учаске; ауданы - 4,0 га; бастапқы баға – 334 368 теңге; кепілдік жарнаның сомасы – 145 850 теңге; жалдау ақысы – 19 200 теңге.

Барлық учаскелер бөлінетін, ауыртпалықтар (шектеулер) жоқ, бастапқы баға ең төменгі бағаға тең болады. Ұйымдастырушы:"Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ. Атбасар қ, Ш.Уәлиханов көшесі, 9. Телефоны: 8 716(43) 2-43-71,2-49-13