М.Шоранов КВИ жөніндегі эпиджағдай туралы баяндады Дереккөз – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.

М.Шоранов КВИ жөніндегі эпиджағдай туралы баяндады  Дереккөз – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.

Бүгін бірінші Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысып, елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысының ҚР-дағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы жұмыс кеңесінде берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Өткен екі аптамен салыстырғанда жалпы республика бойынша барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік сырқаттанушылық 4,4 есе өсті, жалпы республика бойынша өлім жағдайларының саны 2 аптада 2,1 есе, оның ішінде Маңғыстау облысында 5,3 есе, Шымкент қаласында 3,2 есе өсті. 20 шілдедегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы 1 шілдемен салыстырғанда елімізде инфекциялық төсектердің қамтылуының 59%-ға және реанимациялық төсектердің 57%-ға үдемелі ұлғаюы байқалады. Осыған байланысты, өңірлерде төсек қоры ұлғайтылды. Осылайша республика бойынша инфекциялық төсектердің қамтылуы 48%-ды, реанимациялық төсектер 37%-ды құрайды. «Бүгінгі күні инфекциялық стационарлардағы пациенттердің 94%-ында КВИ-дың ауырлығы орташа өтуде. Пациенттердің 6%-ы реанимация бөлімшелерінде, оның ішінде 79%-ы ауыр жағдайда және 21%-ы өте ауыр жағдайда. Бұл ретте ауыр науқастардың негізгі тобын 66 жастан асқан – 782 пациент құрайды. Барлық дерлік пациенттердің ілеспе аурулары бар», - деді М. Шоранов. Сонымен қатар өткен аптамен салыстырғанда елімізде вакцинация қарқынының 3,7%-ға артқаны байқалады, алайда Маңғыстау облысында вакцинация қарқыны төмен. ҚР-да барлығы бірінші компонентпен 4 965 516 адам егілді, егілуге тиісті тұрғындарды қамту 50,2%-ды құрады, екінші компонентпен – 2,9 млн-нан астам адам егілді, егілуге тиісті тұрғындардың 29,4%-ы қамтылды. Оның ішінде вакцинацияланған педагогтардың саны бір апта ішінде 91-ден 92,6%-ға, студенттер – 2,5%-ға ұлғайып, 29,7%-ға, ЖӨБ – 5,7%-ға ұлғайып, 77,7%-ға артты. «Қазақстан Республикасында КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында иммунитеттің ұжымдық деңгейін қалыптастыру қажет және халықтың кемінде 60%-ын вакцинациялаумен қамту ұсынылады. Бұрын 2021 жылы КВИ-ға қарсы вакцинациялауға 18-65 жас аралығындағы 9 900 000 адам жататын, бірақ «Дельта» штамының таралуына байланысты республикада КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жататын адамдардың санын арттыру қажеттілігі туындады», - деп атап өтті бірінші вице-министр. Сондықтан вакцинациялауға жататын контингент жасы бойынша жоғарғы шектеусіз, яғни 18 жастан асқан барлық жас шамаларына ұлғайтылды. Осылайша республикада 2021 жылы 18 жастан асқан кемінде 11 390 000 адам КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады. М. Шоранов өз сөзінде мониторингтік топтардың белсенділігінің төмендеуі, КВИ-ға қарсы вакцина сатып алу жөніндегі жоспарлар және Мемлекет басшысының елдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы жұмыс кеңесінде берген тапсырмаларын орындау туралы баяндады.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.