Жұмыс берушілердің назарына!

Жұмыс берушілердің назарына!

Бизнестiң әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі

«Парыз» конкурсы туралы

      Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығымен бекiтiлген ережелерге сәйкес жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» конкурсы өткізіледі. Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

       Конкурсты өткізудің мақсаттары:

   1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;

     2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі. Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:

 1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

    2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.

      Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.

 Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді.

      Әлеуметтік жауапкершілік бәсекеге қабілеттілікті арттыруға тиіс.

   Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы болып табылады. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.Үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.

  

 

     Конкурсқа катысуға:

     1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

     2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

     3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

      4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

       6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

     Ұйымдастырушылар:

      1) барлық үміткерлер үшін тең шарттарды;

      2) коммерциялық құпияны білдіретін ақпараттың құпиялылығын;

      3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді.

 

      Конкурсты өткізу мерзімдері:

      1) жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;

      2) жыл сайын 1 қазанға дейін - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;

      3) желтоқсан – қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

       Жергілікті атқарушы орган:

      1) конкурсты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      2) үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін сараптамалық жұмыс тобын құрады;

      3) конкурсты өткізу тәртібі туралы ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастырады;

      4) конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттайды.

     Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер

«Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не материалдарды екі данада жолдайды, оларда:

      1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

      2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады. Үміткердің есебінде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат; есепке қосымша нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

 

      Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:      

1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

      Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

 

      2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".

      Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

      3) "Үздік ұжымдық шарт".

      Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

 

      4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".

      Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

     Анықтама алу үшін телефон:  5-61-42     

       «Атбасар ауданының жұмыспен

 қамту және әлеуметтік бағдарламалар

 бөлімі» ММ