Жұмыс берушілеріне мәлімет үшін!

Жұмыс  берушілеріне  мәлімет үшін!

 Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасының

 кейбір мәселелері  және өндірістік объектілерді аттестаттауды туралы

Мемлекеттің басты және маңызды міндеттерінің бірі еңбек қызметін орындау барысында азаматтардың өмірін қорғау және денсаулығын сақтау болып табылады.Осылайша, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды жеке жұмысшылардың да, кәсіпорындардың да, мекемелердің де, тұтастай алғанда мекемелердің де барабар өмір сүруінің және жемісті қызметінің жетекші алғышарты деп санаған жөн.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау  – бұл оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  183-бабының 1-тармағы бойынша     өндірістік объектілер еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестатталуға жатады.

 

Өндірістік объектілерді аттестаттау:

  • ұйымның өндірістік объектілерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтергесәйкесаттестаттауды;
  • ұйымның өндірістік объектілерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес тігін кешенді бағалауды қамтиды.

 

Еңбек кодексінің 183-бабының 2-тармағына сәйкес өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған  ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, бiлiктi кадрлары туралым әлiмет, зертханалардың  болуы немесе қызметтiң осындай түрлерiн жүзеге асырушы зертханалар мен  шарттарының  болуы)

Өндiрiстiк объектiнi аттестаттауды жүргiзудi ұйымдастыру үшiн жұмыс берушi тұрақты жұмыс iстейтiн, құрамында төраға, мүшелер және өндiрiстiк объектiлердi аттестаттау жөнiндегi құжаттаманы жасауға, жүргiзуге және сақтауға жауапты хатшы бараттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.

Еңбек кодексінің 183-бабының 9-тармағына сәйкесөндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу тәртібінің сақталуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларының 7-тармағына сәйкес аттестаттауды өткізу мерзімдерін ұйым еңбек жағдайларының өзгеруіне сүйене отырып, өндірістік объектілерді соңғы аттестаттау өткізілген күннен бастап, бірақ 5 жылда кемінде 1 рет белгілейді.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу тәртібінің бұзылуы анықталған кезде өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органының талабы бойынша жүргізіледі.

 

Еңбек кодексінің 183-бабының 7-тармағына сәйкесөндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым оның нәтижелері туралы мәліметтерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ол белгілеген тәртіппен күнтізбелік 10 күн ішінде жібереді.

Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 30-тармағына сәйкес жұмыс беруші өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін бір ай мерзімде қағаз және электрондық жеткізгіште еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға ұсынады.

 

Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын бағалау

      Жұмыс орындары оларда мынадай факторлардың бірі болған кезде еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейді деп есептеледі:

  • өндірістік орта факторларының нақты мәндері қолданыстағы нормалардан асады;
  • жарақат қауіпсіздігі бойынша талаптар сақталмаған;
  • жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі қолданыстағы нормаларға сәйкес келмейді.

       Еңбек жағдайларын зиянды және қауіпті өндірістік факторларға жатқызған кезде аттестаттау комиссиясы жұмыс орнын қайта жарақтандыру немесе жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.

        Өндірістік объектілерді аттестаттауды аттестаттау комиссиясы ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі жоспардың жобасын және нәтижелерін қоса бере отырып, өндірістік объектіні аттестаттау актісімен ресімдейді. Жоспардың жобасында ескірген техника мен жабдықтарды ауыстыру, өндірістік процесс технологиясын жетілдіру, еңбек жағдайларына сәйкес келетін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану жөніндегі іс-шаралар, сауықтыру іс-шаралары және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көзделуге тиіс.

 

Өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 1-бөлігіне сәйкес жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы –

  • ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма,
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес,
  • iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қызметкерлерді міндетті сақтандыру

        Жұмыскерлерді  жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жұмыс берушінің міндеті «Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 ҚР Заңынан (ЖОМС туралы осы жерде және бұдан әрі заң) туындайды.

Сақтандыру  шарты  болмаған  жағдайдағы  жауапкершілік

       Қазіргі уақытта жазатайым оқиға нәтижесінде туындаған материалдық залалды өтеу жөніндегі жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және сақтандыру компаниясы (сақтандырушы) арасында бөлінеді.

ЖОМС шартының мәні мынада, егер еңбек міндеттерін орындау кезінде болған жазатайым оқиға нәтижесінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілсе, онда сақтандыру компаниясы туындаған материалдық шығындарды өтейді. Бұл ретте ЖОМС туралы Заңға сәйкес қызметкердiң өмiрiмен денсаулығына келтiрiлген зиян қызметкердiң уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігіне найрылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық  көрiнiсiн  қамтиды.

Еңбекке қабілеттіліктен айрылу кезінде зиянды өтеу

Егер өзінің қызметтік (еңбек) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиға нәтижесінде жұмыскер кәсіптік еңбек қызметін жоғалтса (мүгедектік алса), онда арнайы комиссия келтірілген өмір мен саламатты жұмыс күшінің мөлшерін белгілейді, сондай-ақ оны материалдық өтеу тәртібін айқындайды.

  • Қызметкердің  кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiне найырылу  дәрежесiн  5%-дан 29%-ды қоса  алғанға дейін белгiлеуге байланысты табысын (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу.

 

«Атбасар ауданының жұмыспен

қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі»  ММ