ҚҰРМЕТТI АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ, БАҚ ӨКIЛДЕРI!

ҚҰРМЕТТI АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ, БАҚ ӨКIЛДЕРI!

2021 жылғы 4-5 наурыз аралығында «2021 жылғы көктемгi су тасқыны кезеңiнде төтенше жағдайларды (бұдан әрi — ТЖ) жою кезiндегi iс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесiнiң басқару органдарын, күштерi мен құралдарын дайындау» тақырыбына Ақмола облысында «Көктем-2021» Республикалық командалық — штабтық оқу-жаттығуы өткiзiледi. Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттiк жүйесiнiң және халықтың көктемгi кезеңдегi төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабiлетiн арттыру, азаматтық қорғау қызметтерi мен құралымдарының көктемгi кезеңдегi төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткiзiледi. Оқу-жаттығуды басқару штабы Көкшетау қаласында Төтенше жағдайлар департаментiнiң дағдарыс орталығында орналасқан, мекенжайы: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесi 87, Ақмола облысы ТЖ Департаментi. Байланыс телефоны: 8 (7162) 55-1484. Ақмола облысының ТЖД