Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2021 жылғы 03 ақпанда Атбасар ауданының әкімі А.А. Қалжановтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді, оның шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау өткізу көзделген.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын қазіргі пандемия кезінде сақтау мақсатында 2021 жылғы 27 қаңтарда сағат 10:00-де «ZOOM» платформасында Атбасар ауданының тұрғындарымен кері байланысты күшейту үшін Атбасар ауданы әкімінің жеке қабылдауы өткізіледі. Тіркелген азаматтар мен іс-шараның басқа қатысушыларына конференция идентификаторлары, қосылу әдістері мен парольдер алдын-ала жіберіледі.

Атбасар ауданының әкімі А.Калжановтың қабылдау уақыты сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін, жазылу а.ж. 21-26 қаңтар аралығында мына телефондар бойынша жүргізіледі: 8 (71643) 2-43-05, эл.мекен-жайы: atbasar_kanz@aqmola.gov.kz, Whatsapp 87787916383.

 

Атбасар ауданы әкімінің аппараты