Аудандық Мәдениет үйінің ғимаратында Атбасар ауданының әкімі Қ. Алимжановтың және ауданның мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» өтті. Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша басшылыққа тікелей жүгініп, сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындардың басым бөлігі абаттандыру, тұрғын үй мәселелері және басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өтініш білдірді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, тұрғындарға қойылған сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді. Жауапты басшыларға келіп түскен өтініштерді қарастырып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Осындай кездесулер тұрғындар мен аудан басшылығы арасында тікелей әрі ашық диалог орнатуға, халықты толғандыратын мәселелерді жедел талқылауға және оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді. Тұрғындардың өтініштері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аудан басшылығының бақылауында.