Аудандық әкімдіктің үлкен залында 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті. Сайлауға дайындық барысы туралы негізгі баяндамамен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асхан Рыскелдин сөз сөйледі. Ол сайлау комиссиялары мен учаскелерінің алдағы дауыс беруге дайындығы туралы айтып өтті
Атбасар ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Абылайхан Шәріпов сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы жөнінде ақпарат берді.
Учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларын байланыс құралдарымен қамтамасыз ету және байланыстың үздіксіз жұмыс істеуі туралы Атбасар «Қазақтелеком»АҚ Атбасар ЖТЦ басшысы Ольга Кравченко баяндады.
Кеңес барысында құқықтық тәртіпті сақтау, электр энергиясымен қамтамасыз ету, медициналық сүйемелдеу, көлік қатынасы және халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысты сұрақтар да қаралды.
Атбасар ауданының әкімі К. Әлімжанов жауапты қызметтерге сайлауды ұйымдасқан түрде өткізу үшін үйлесімді жұмысты қамтамасыз етіп, барлық қажетті жағдай жасауды тапсырды.
Ауданда 46 сайлау учаскесі дайындалуда. Оның 21-і Атбасар қаласында, 25-і ауылдар мен ауылдық округтерде орналасқан. Аудандағы сайлаушылар тізімінде 29 608 азамат бар.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты басшыларға 23 тамызға дейін барлық қызметтердің толық дайындығын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді