АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлiмi» ММ 2020 жылдың «03» желтоқсанда, сағат 11:00-де www.gosreestr.kz. мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң веб — порталында Атбасар ауданының коммуналдық меншiк объектiсiн сату бойынша тендер өткiзiлетiндiгi туралы хабарлайды.

Атбасар ауданының коммуналдық меншiк объектiсiн сату Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тендерге қойылады:

- Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Б.Момышұлы көшесi, 21А, 13-тұрғын емес үй-жай мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын емес үй-жай, жалпы алаңы 203,6 шаршы метр, 1989 жылы салынған. Бастапқы (алғашқы) баға — 14 312 915 теңге. Тендерге қатысу үшiн кепiлдiктi жарна — 2 146 938 теңге.

Тендерлiк шарттар:

1) Салтанат, рәсiм (неке қию) залының жұмыс iстеуi үшiн;

2) 3 жыл бойы қызмет бейiнiн сақтау.

Жылжымайтын мүлiк объектiсi жер учаскесiнiң құнын есептемегенде сатылады.

Кепiлдiктi жарна бiрыңғай оператордың арнайы транзиттiк шотына салынады, «Қазақстан халық банкi» АҚ, KZ946017111000000330, БСК: HSBKKZKX, КНП:171, Кбе:16, төлем алушысы: «Ақпараттық — есептеу орталығы» АҚ, БСН:050540004455.

Тендерге қатысу үшiн мыналарды көрсете отырып, тiзiлiм веб-порталында алдын ала тiркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi — ЖСН), тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi — БСН), толық атауын, бiрiншi басшының тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);

3) кепiлдiк жарнаны қайтару үшiн екiншi деңгейдегi банктегi есеп-айырысу шотының деректемелерiн;

4) байланыс деректерiн (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).

Тендерге қатысушы ретiнде тiркелу үшiн қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда — саттыққа қатысуға өтiнiмдi белгiленген нысан бойынша тiзiлiмнiң веб-порталында тiркеу қажет.

Тендерге қатысушылар сауда-саттық шартымен келiсудi қамтитын өтiнiмдi және сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшiрмелерiн қоса бере отырып, тiзiлiмнiң арнайы бөлiнген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетiн баға ұсынысын тiркейдi.

Қатысушының осы хабарламада көрсетiлген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бiрыңғай оператордың арнайы транзиттiк шотына сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген кепiлдi жарнаның сауда-саттық басталғанға дейiн екi сағат бұрын түспеуi тiзiлiм веб-порталының өтiнiмдi қабылдаудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Егер тендерге тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi тендер өтпеген деп жарияланады.

Тендерге қатысуға өтiнiмдердi ашу сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген күн мен уақыты келгенде тiзiлiмнiң веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргiзiледi.

Тендерге қатысуға өтiнiмдер сатушымен сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген объектiге қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетiн қатысушыларды айқындау мақсатында тiзiлiмнiң веб-порталында қарайды.

Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бiрдей ең жоғары бағаны қамтитын болса, онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтiнiмдерiнен өтiнiмi бұрын қабылданған қатысушы тендердiң жеңiмпазы болып танылады.

Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тiзiлiмнiң веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткiзiлетiн күнi сатушы мен тендердiң жеңiмпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердiң нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою мiндеттемесiн тiркейтiн құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тiзiлiмнiң веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде оған қол қояды.

Тендердiң өткiзiлуi туралы қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8(71643)2-64-16, 2-62-86, 2-43-36.