Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.

Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес «Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ-сінде «EGOV» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында «Құқық кабинеті» жұмыс жасайды.


Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс күндері.


Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (e-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.