Құрметті Прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді ҚР Прокуратурасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Құрметті Прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді ҚР Прокуратурасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

         Сіздерді 6 желтоқсанда атап өтілетін кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

         Мемлекет билігі органдары жүйесінде Прокуратураның алар орны қашанда ерекше. Сондықтан да, Прокуратура күні — Қазақстан Республикасындағы ресми түрде анықталған кәсіби мерекелердің бірі болып табылды.

         Бұл салаға әрине, Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүддесін қолдау сынды маңызды міндеттер жүктелген.

         Заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушысы ретінде, азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқығын қорғап, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуын, жалпы мемлекетте құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, сіздер қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар. Осындай маңызды мәселелерді шешу қызметкерлерден жоғары кәсіби біліктілікті, адалдық және жауаптылықты талап етері хақ.

         Бүгінде ауданымыздағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтау көбінесе сіздердің жұмыстарыңыздың түбегейлі бағдарына байланысты екендігін де атап өтпеуге болмайды.      

         Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағыда құттықтай отыра, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, мемлекет игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

 

Құрметпен, Атбасар ауданы әкімі   

К.Әлімжанов