2025 жылғы 31 қазанда Атбасар ауданында еліміздің барлық қалалары мен ірі елді мекендерін қамтыған "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы өтті.

2025 жылғы 31 қазанда Атбасар ауданында еліміздің барлық қалалары мен ірі елді мекендерін қамтыған "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы өтті.

Акция аясында аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша тегін заңгерлік кеңес алып, сондай-ақ білікті мамандар қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді.

Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәсіби заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.