
Құрметті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Баршаңызды құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі күннің тарихы даңқ пен батырлықты дәріптейтін оқиғаларға толы. Апатқа қарсы күресте ауданның азаматтық қорғау органдарының басшылығы мен күштері өздерінің тиімділігін үнемі көрсете білді, төтенше жағдайлар кезінде азаматтарды, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғауды сенімді қамтамасыз етті.
Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды.
Сіздер бейбіт уақытта да әрқашан алдыңғы шептесіздер. Кез келген төтенше жағдайда бірінші болып көмекке келесіздер. Биылғы жыл оңай болған жоқ, ауданымызда көктемгі су тасқынын болдырмау, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің үйлесімді және жедел жұмысынада байланысты екенін көрсетті.
Құрметті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері!
Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мол жауапкершілікті талап ететін, қиын да абыройлы қызметеріңізге табыс, өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Құрметпен, Атбасар ауданының әкімі
Кенеш Әлімжанов