2025 жылғы 14 қыркүйекте өткен әкімнің мерзімінен бұрын сайлауында дауыс беру қорытындысы бойынша, Тельман ауылдық округінің әкімі болып Атбасар қаласының тұрғыны, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің зейнеткері Дастан Мұратұлы Мұхаметжанов сайланды.
Атбасар ауданының әкімі К. Әлімжанов пен Атбасар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А. Рыскелдин жаңадан сайланған әкімді Тельман ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығына ұсынып, оған қызметтік куәлігін тапсырды.