БЖЗҚ салымшыларының шоттарына жыл басынан бері 871,9 млрд теңгеден аса таза инвестициялық табыс есептелді

БЖЗҚ салымшыларының шоттарына жыл басынан бері 871,9 млрд теңгеден аса таза инвестициялық табыс есептелді

2020 жылдың басынан бастап 1 қыркүйектегi жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 871,9 млрд теңгеден аса таза инвестициялық табыс есептелдi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 443,1 млрд теңгеге артық. Ал 2019 жылдың 8 айындағы таза инвестициялық табыс 428,8 млрд теңгенi құрағанын естерiңiзге саламыз.

Зейнетақы активтерiнiң 8 айдағы табыстылығы 7,88% құрады, ал инфляция 4,6% болды. Жылдық (тамыз 2019 — тамыз 2020) табыстылық 10,1% көрсетсе, инфляция 7% құрады. Осылайша нақты табыстылық оң нәтиже көрсеттi.

Егер одан ұзағырақ кезеңдердi қарастыратын болсақ, зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқарған 2014 жылдан бастап 2020 жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi кезең iшiндегi табыстылық 83,2%-ға жетсе, инфляция 64,6% болды. Осылайша зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы 18,6% асып түстi.

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесi енгiзiлген 1998 жылдан бастап 2020 жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi таза инвестициялық табыс 5 трлн теңгеден асты. Осы уақыт iшiндегi инвестициялық табыстылықтың бiртiндеп өсу нәтижесi 583,6% құрады. Бұл реттегi инфляция деңгейi бiртiндеп өсу нәтижесiмен 480,6% болды. Сөйтiп, зейнетақы активтерiнiң 2020 жылдың 1 қыркүйегiндегi нақты табыстылығы 103%-ды көрсеттi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).