Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Атбасар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 04 маусымда Атбасар ауданында Новосельское ауылы әкімін сайлау тағайындалсын;
- 2023 жылғы 04 маусымда тағайындалған Атбасар ауданының Новосельское ауылы әкімі сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Атбасар аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық "Простор-Атбасар" газетінде жариялансын.
Атбасар аудандық
АСК төрағасы Т.Боранбаев
Хатшысы С.Шарипова