VII шақырылымдағы Атбасар аудандық мәслихаты депутаттарының кезектi сайлауы нәтижелерi бойынша хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарында бiрiңғай сайлау округiнiң аумағы бойынша Атбасар аудандық мәслихаты депутаттарын кезектi сайлауы өткiзiлдi. Атбасар ауданы бойынша сайлаушылар тiзiмiне 33507 азамат енгiзiлдi, оның iшiнде бюллетендер алғандар 27808 адам.

Дауыс беруге қатысқан 27272 адам, оның iшiнде сырттай дауыс беруге куәлiктер алған 39 азамат, сайлау үшiн бөлмеден тыс 561 адам дауысын бердi.

Сайлауға 5 саяси партиялар қатысты.

Саяси партиялар үшiн дауыс беру кезiндi келесiдей дауыстар саны берiлдi.

Қазақстанның халық партиясы- сайлауға қатысқан сайлаушылардың 2230 немесе 8,31 пайызы;

«NurOtan» партиясы- сайлауға қатысқан сайлаушылардың 21420 немесе 79,87 пайызы;

«Ауыл» халықтық –демократиялық патриоттық партиясы- сайлауға қатысқан сайлаушылардың 2280 немесе 8,50 пайызы;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — сайлауға қатысқан сайлаушылардың 440 немесе 1,64 пайызы;

«ADAL» саяси партиясы- сайлауға қатысқан сайлаушылардың 450 немесе 1,68 пайызы;

Сайлауға қатысқан сайлаушылар санынан жетi және одан көп пайыз алған саяси партиялар үшiн депутаттық мандаттардың келесiдей бөлiнуi белгiлендi:

«NurOtan» партиясы — 11 мандат;

«Ауыл» халықтық –демократиялық патриоттық партиясы — 1мандат;

Қазақстанның халық партиясы — 1мандат.

Атбасар аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 января 2021