«Қарызсыз қоғам»

«Қарызсыз қоғам»

Құрметті Тельман ауылдық округінің тұрғындары!

 

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде.

 

Егер сіз:

 

✔️ 90 күннен астам мерзімі өткен несиелеріңіз болса

✔️Банктік шоттарыңызға, мүлкіңізге немесе жалақыңызға тыйым салынса

✔️Банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) алдындағы қарыздарыңызды төлей алмай жүрсеңіз

✔️ Жеке тұлға ретінде банкрот болу мүмкіндігі туралы білгіңіз келсе

✔️Қарызды қайта құрылымдауға немессе заңгерлік көмекке мұқтаж болсаңыз

 

📌Сіз келесі қызметтерді тегін ала аласыз:

 

▪️ Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша кеңес беру

▪️ Шоттар мен мүлікке салынған тұтқындауды (арестті) жоюға көмек

▪️ Қарызды қайта құрылымдау және оның бір бөлігін есептен шығаруға қолдау

▪️ Проблемалық несиелер бойынша заңгерлік кеңестер

▪️ Банктерге, МҚҰ-ға, соттарға және мемлекеттік органдарға өтініштер мен арыздар дайындауға көмек

 

📞Қазақстан Республикасы аумағы бойынша байланыс орталығы:

8 700 099 01 54

8 700 023 01 44 (WhatsApp)

8 700 855 85 85

8 700 866 86 86

 

📍Қазақстанның кез келген өңірінен көмек алуға болады.

👥Кеңесті білікті заңгерлер мен әлеуметтік қорғау саласының мамандары береді.

📄Барлық қызметтер жоба аясында тегін көрсетіледі.

 

«Қарызсыз қоғам» жобасы — қарыз жүгінен шығуға нақты көмек. Қаржылық тұрақтылыққа алғашқы қадамыңызды бүгін жасаңыз!

 

 

Вариант для SMS рассылки:

Құрметті азаматтар!

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қарызы 90 күннен асқан азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетіледі.

Байланыс: 8 700 099 01 54, WhatsApp: 8 700 023 01 44