Құрметті жерлестер!
Сіздерді келіп жеткен көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұл мейрам өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі.
Алғыс айту күні біз үшін жыл бойы атқарған еңбегімізбен жасаған жақсылығымыздың есебіндей маңызды. Әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін рахмет білдіретін күн. Бұл мерекенің астарында қазақ халқының бүгінгі батырларына деген құрметі мен ыстық ілтипаты жатыр. «Ауызбіршілігі мықты ел озады» демекші жылы сөз, жақсы ой, қайырымды ісімізді аямай, жан-жағымызды мейірімге толтырып жүрейік.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерді тағы да көктемнің алғашқы мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, атқарып жүрген еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!