"Құқық кабинеті" хабарландыру

"Құқық кабинеті" хабарландыру

«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы«2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес «Шұңқыркөл ауылдық округ әкімі аппараты Атбасар ауданы» ММ - сінде «EGOV» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында «Құқық кабинеті» жұмыс жасайды.
Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс күндері. Түскі үзіліс 13:00-14:30
Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.