«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2024 жылы халыққа 43,1 млн астам қызмет көрсетті.

«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2024 жылы халыққа 43,1 млн астам қызмет көрсетті.

«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2024 жылы халыққа 43,1 млн астам қызмет көрсетті.
Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 еседен аса көлемге артық. 01.01.2023ж. бастап 31.12.2023ж. дейінгі уақыт аралығында БЖЗҚ 24.8 млн қызмет көрсеткен. 2024 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 23,6 млн астамы электрондық форматта, шамамен 17,6 млн. қызмет автоматты түрде көрсетілген. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санының 96% тең болды. Күндізгі форматта 1,1 млн астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 1,0 млн жуық қызмет жүзеге асырылған.
Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) енгізілуіне, сондай-ақ "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ атқаратын қызметтер түрінің көбеюіне байланысты автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны артты. Ең алдымен – нысаналы талаптарға қатысушыларға шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) ашып, карталар шығару. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады.
Сондай-ақ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі.