Құрметті Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округінің тұрғындары!

Құрметті Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округінің тұрғындары!

     

Ақмола облысының Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округінің азаматтардың  құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында  халықтың қолданыстағы және талқылаудағы нормативтік құқықтық  актілерімен танысу үшін ақпараттық жүйеге қолжетімділігімен «құқық кабинеттері», «өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» қызмет атқарады.

«Құқық кабинеттері»,«өзіне-өзі қызмет көрсетубұрыштары» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға, оның ішінде: «Әділет» ААЖ, НҚА эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov»,«e-Өтініш», «ZANKomegi» және «Тараптар кабинеті»  жүйелеріне қолжетімділік қамтамасыз етілген.

«Құқық кабинеттерінің» «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсету үшін қажетті жарамды компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.

       Құрметті Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округінің азаматтары, құқықтық сұрақтар туындаған кезде Сіз Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Полтавка ауылы, Семен Петренко көшесі 41 мекенжайы бойынша көрсетілген құқықтық кабинетті қолдана аласыз.

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 9-00-ден 18-30-ға дейін.