Отандастарымыз тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу үшін 4,33 трлн теңгеден аса қаржы жұмсады

Отандастарымыз тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу үшін 4,33 трлн теңгеден аса қаржы жұмсады

Отандастарымыз тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу үшін 4,33 трлн теңгеден аса қаржы жұмсады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 4,33 трлн теңгеден асатын мөлшерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) емделуге пайдаланды. Орындалған өтініш саны – 2,52 млн. Естеріңізге сала кетейік, азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.

Тұрғын үйге
2021 жылғы қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 1 885 252 өтінішін орындады. БЖЗҚ қазақстандықтардың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына шамамен 3,74 трлн теңге аударды.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 1,98 млн теңгеден асады.

Емделуге
Қор емделу үшін жалпы сомасы 593,19 млрд теңге болатын 639 251 өтінішті орындады. Алынған соманың орташа мөлшері 0,93 млн теңге.

Жеке инвестициялық басқаруға
Инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 18.02.2021 ж. бастап 62,25 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ 33 079 өтініш берушіден түскен 46 608 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,34 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша толық статистика enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.