Құрметті Отан қорғаушылар!
Сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Жеңіс күнінің ерекше датасы қарсаңында елімізде Отан қорғаушылар мекерекесінің аталып өтуінің өзіндік мәні бар. Біздің жас әскеріміз Ұлы Отан соғысында айбынды күрескен батырларымыздың даңқты дәстүрін жалғастырып келеді.
Осы күні мемлекеттің, қоғам мен әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Отанының тыныштығын күзеткен қорғаушыларға құрмет білдіреміз. Тәуелсіз мемлекетке мінсіз қызмет ету мен оны қорғау — әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Қай заманда болмасын Отанға деген құрмет, оның тағдырына жауапкершілік алу, оны қорғау үшін кез келген сәтте дайын болу басты құндылық болған және солай болып қала бермек. Бейбіт аспан астында Отанды қорғау дегеніміз – ел игілігі үшін адал еңбек ету, атадан келе жатқан дәстүрге құрмет.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді атаулы мерекелеріңізбен құттықтаймыз, сіздерге бақыт тілейміз, еліміз тыныш, отбасыларыңыз аман болсын. Көк байрағымыз желбіреп, Тәуелсіздігіміз нығая берсін.