2023 жылдан бастап «Қазпошта» АҚ (бұдан әрі – Қазпошта) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қолдауымен ауылдық жерлерде халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етіп келеді.
«Қазпошта» АҚ республикадағы шалғай және қиын қолжетімді ауылдық елді мекендерде баламалы қызмет көрсету арналары жоқ жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсететін жалғыз ұйым болып табылады.
«Қазпошта»АҚ пошта бөлімшесі Мариновка ауылдық округі, Мариновка ауылы, Жеңіс көшесі 63-үй мекенжайы бойынша орналасқан, жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.