Қаражатыңызды қайтарып алуға асығыңыз!
Егер сіз Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге пайдаланған болсаңыз және сол сомаға ЖТС (жеке табыс салығы) ұсталса – сіз үшін маңызды жаңалық бар!
Егер сіз әлеуметтік осал санатқа жататын болсаңыз, ұсталған ЖТС қайтаруға құқығыңыз бар. Ең бастысы – өтініш беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды! (бұрын 3 жыл болатын – көп адам үлгермей қалған) Кімдер салықты қайтара алады?
Егер сіз төмендегі санаттардың біріне кірсеңіз: •1, 2 немесе 3 топтағы мүгедектігі бар адам
•Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана, қорғаншы немесе қамқоршы
•Асырап алушы – Соғыс ардагері (толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген) Салықты қалай қайтаруға болады?
•Жақын жердегі БЖЗҚ филиалына барыңыз;
•Өтініш толтырыңыз;
•Құжаттарыңызды өткізіңіз;
•Егер салық бұрын ұсталған болса, ЖТС жеке зейнетақы шотыңызға қайтарылады. Ал егер салық кейінге қалдырылған болса, оны төлеудің қажеті болмайды. Мерзімі – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. 📲 Толығырақ – enpf.kz сайтында.
Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін әлеуметтік желілерге немесе БЖЗҚ байланыс орталығына хабарласыңыз - 1418