«Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 899 бұйрығымен бекітілген «2024–2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстарының іс-шаралар жоспарына» сәйкес, КММ «Макеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ғимаратында «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы базасында «Құқық кабинеті» жұмыс істейді.
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Кабинет компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған, онда қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпараттық-құқықтық базасына және «ҚР ЭКБ» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жасауға арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (e-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділік бар.