
Республика күнімен, құрметті Макеевка ауылдық округінің тұрғындары!
24 қазан күні Макеевка ауылдық округінің әкімі А.Маратов округ тұрғындарын осы маңызды мерекемен құттықтады! Мерекелік шара бірлік пен қуанышқа толы жылы атмосферада өтті.
Концерт барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй, әсем әндер мен би тарту етілді.
Бұл күн елімізге деген сүйіспеншілігімізді, бірлігіміз бен татулығымыздың маңызын еске салсын!