
Макеевка ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі.
Бүгін Макеевка ауылдық округінің әкімі Азат Маратовтың Макеевка ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті. Кездесу барысында әкім өткен кезеңде атқарылған жұмыстардың қорытындыларымен таныстырып, ағымдағы жылдың IV тоқсанында жүзеге асырылатын негізгі міндеттерді айқындады.
Азат Маратов округте абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығын қолдау бағытында іске асырылған жобалар туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.