Ерікті зейнетақы жарналары – зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді әдісі

Ерікті зейнетақы жарналары – зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді әдісі

Ерікті зейнетақы жарналары – зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді әдісі

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде келесі жарна түрлері қарастырылған:
• Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан 10% мөлшерінде ай сайын аударады.
• Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің табысынан 5% мөлшерінде аударылады (жұмыс беруші төлейді).
• Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ) – 2024 жылдан бастап 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлер үшін енгізілді (2024 жылы – 1,5%, 2028 жылға дейін – 5%-ға дейін өседі).
• Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – жеке және заңды тұлғалар өз еркімен аудара алатын қосымша жарналар.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) дегеніміз не?

ЕЗЖ – бұл азаматтар өз еркімен аударатын, мөлшері мен мерзімділігін өзі анықтайтын қосымша зейнетақы жарналары.
• Жеке тұлғалар – өздері үшін немесе жақындары үшін аудара алады.
• Заңды тұлғалар – қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат сала алады.

Ерікті зейнетақы жарналарын қалай төлеуге болады?
• Екінші деңгейлі банктер мен Қазпошта арқылы.
• Жұмыс беруші арқылы – қызметкер өтініш жазған жағдайда.

Маңызды! Ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Ол үшін ЕНПФ кеңсесіне барудың қажеті жоқ!

ЕЗЖ қандай артықшылықтар береді?
• Жарна мөлшерін және төлеу мерзімін өзіңіз таңдайсыз.
• Сіздің қаражатыңыз инвестицияланады және табыс әкеледі.
• Жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеруге жатады. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салық салу кезінде жеңілдіктер алады!
• 50 жастан бастап төлемдерді алуға болады (немесе мүгедектік жағдайында, сондай-ақ елден тұрақты тұруға кеткен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін).
• Зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылады – мұрагерлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Өз жинағыңызды қалай бақылауға болады?

Зейнетақы жинақтарыңызды 24/7 бақылау үшін enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке кіріңіз.

Жасы бойынша немесе мүгедектікке байланысты ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін қалай алуға болады?

Өтінішті онлайн форматта enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы беруге болады.
Өтінішті жібермес бұрын «Төлем құжаттарының алдын ала тексеру» қызметін пайдалануға болады.

Маңызды! Ерікті зейнетақы жарналарын неғұрлым ертерек төлеуді бастасаңыз, болашақта соғұрлым жоғары зейнетақы аласыз!