Атбасар қаласының халық қатысатын бюджеті

Атбасар қаласының халық қатысатын бюджеті

       

«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы №19 бұйрығына, сәйкес, 14-2-тармақ,  халық қатысатын бюджеті ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын және халық саны 10000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қалаларда іске асырылады.

          «Халық қатысатын Бюджет» (бұдан әрі - ХҚБ) – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде азаматтардың бюджет процесіне кеңейтілген қатысу құралдарының бірі болып табылады, ХҚБ сонымен қатар қоғамдық бастамаларды ілгерілету құралы және қалада болып жатқан өзгерістерді Азаматтық бақылау тәсілі болып табылады.

          Әкімдік үшін бұл аудандардың негізгі проблемаларын түсінуге, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында басымдықтарды айқындауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл аумақтарды тиімді басқару үшін қала тұрғындары мен жергілікті билік органдарының диалогын қамтиды. Осылайша, тұрғындар өз бастамаларын ілгерілетуге және өз ауданының, көшесінің, көппәтерлі тұрғын үй ауласының аумағын абаттандыруға қатысуға мүмкіндік алады.

          Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтына қаланы абаттандыру бойынша 6 жобалық ұсыныс түсті. Сараптамалық кеңестің өткен отырысында дауыс беруге 5 жобалық ұсыныс жіберілді.

          5 жобалық ұсыныстың үздігі үшін Сіз Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында «Халық қатысатын бюджет»  кіші бөлімінде сілтеме бойынша дауыс бере аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar/bnu/779?lang=ru