«Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ автокөлік иелеріне, 2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі туралы еске салады
* Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі:
ҚР Салық кодексінің 494-бабының 4-тармағына сәйкес: жеке тұлғалардың салықты төлеуі тұрғылықты жері бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көлік салығы меншік құқығы алынған айдың 1-күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейін, яғни ағымдағы жылдың соңына дейін не меншік құқығы берілген айдың 1-күніне дейін иеленудің нақты кезеңі үшін есептеледі.
Осылайша, егер көлік құралы 2023 жыл ішінде есептен шығарылған жағдайда, салық төлеушіде көлік құралы уәкілетті органда есепте тұрған кезең үшін салық төлеу бойынша міндеттеме қалады.
Автокөлікті «сенімхат бойынша» сату кезінде салық төлеуді авто иесі жүзеге асырады. Не нақты пайдаланушы салықты меншік иесінің атынан төлей алады (бұл ретте төлемді жөнелтуші бөлімінде автокөлік ресімделген адамның ЖСН және ТАӘ көрсету қажет).
Автокөлікті сенімхат бойынша сатуға байланысты көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешекті есептеуді болдырмау үшін жаңа меншік иесіне меншік құқығын тіркеу қажет.
* Көлік салығын есептеу:
Көлік құралдарына салынатын салық сомасын «Электрондық қызметтер» бөлімінде kdg.gov.kz сайтындағы онлайн калькулятор арқылы дербес есептеуге болады және «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Калькулятор» бөлімінде.
Салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар автоматтандырылған режимде ұсынатын мәліметтер негізінде салықты есептеуді жүргізеді.
Салықтың есептелген сомалары бойынша ақпарат «Каспий банк»АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберілетін болады.
Салық сомасын Атбасар ауданы бойынша МКБ (салық) 2-63-42 телефоны арқылы хабарласып білуге болады.
Сондай-ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталында «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктер («Каспий банк» АҚ, «Халық банк»АҚ) мобильді қосымшаларында орналастырылатын болады.
1) «E-Salyq Azamat»қосымшасының көмегімен:
Ол үшін ЖСН және телефон нөмірі бойынша тіркеуден өтіп, одан әрі «Салық әмияны» - «Бюджетпен есеп айырысу» - «Алдағы төлемдер» қосымша бетіне өту қажет - автомобильдің VIN-кодын енгізу – мемлекеттік кіріс органын таңдау (Атбасар қаласының тұрғындары үшін – «Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ) – картаны таңдау төлем үшін;
2) Интернет-банкинг («Халық банкі» АҚ, «Kaspi Bank»АҚ):
«Халық банкі» АҚ қосымшасы «Homebank.kz» - «Төлемдер» - «Барлық төлемдер» - «Салықтар, айыппұлдар, ХҚКО қызметтері» - «Салықтар» қосымша бетке өтесіз.
«Kaspi Bank» АҚ қосымшасы – «Төлемдер» - «Барлық төлемдер» - «Айыппұлдар мен салықтар» - «Салықтар» қосымша бетіне өту.
3) банкоматтар арқылы;
4) «Қазпошта» АҚ барлық бөлімшелерінде;
5) Екінші деңгейдегі банктерде («Халық банкі» АҚ және т. б.);
* Салық төлеу мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік:
Көлік құралдарына салынатын салық төленбеген жағдайда, салық төлемеген адамдарға қатысты материалдар сотқа беріледі, ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік айыппұл салынады, ҚР шегінен тыс жерлерге шығуы шектеледі, сондай-ақ банк шоттары бойынша операциялар тоқтатылады.