Аталған кезеңде аталған елді мекендердің жанында жарылыстар естіледі, ал жергілікті жерлерде жарылыстар мен өзендердің ашық учаскелерінде мұз кесектерінің үйінділері болады.
Осыған байланысты, Сіздерден дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз, бұл іс-шаралар су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде, кептеліс құбылыстарын азайту және су тасқынын кедергісіз өткізу үшін өткізіледі!
Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында осы учаскелерде және олардың маңында жарылыс жұмыстарын жүргізгеннен кейін мұз үстімен жүруге тыйым салынады!
Ата-аналардан, балаларға бақылау жүргізуді күшейтуді сұраймыз. Мұз жарылысы кезінде балаларды ересектердің бақылауынсыз өзенге жібермеңіз.
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.