24 шілдеден бастап Атбасар қаласында аумақтарды абаттандыру байқауы жарияланды. Байқаудың басты мақсаты-қаламызды таза, жайлы және көрікті ету, бастамашыл тұрғындарды, еңбек ұжымдарын, өз аулалары мен іргелес аумақтарды абаттандыруға үлес қосатын ұйымдар мен кәсіпкерлерді қолдау болып табылады.
Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталмақ :
"Жеке тұрғын үй құрылысының үздік ауласы";
"Көп пәтерлі тұрғын үйдін МИБ-і";
" Көп пәтерлі тұрғын үйдін үздік кіребересі";
"Мемлекеттік мекемелер арасында абаттандырудың үздік ұйымдастырылуы";
" Заңды тұлғалар арасында абаттандырудың үздік ұйымдастырылуы";
"Жеке кәсіпкерлер арасында абаттандырудың үздік ұйымдастырылуы"
Сайысқа қатысты сұрақтар бойынша 2-44-22 телефоны арқылы хабарласуға болады.