Шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс

Шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс

Конкурс өткізу туралы хабарлама.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Атбасар ауданы әкімдігі конкурс өткізіледі.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі.

п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің   лот № )

Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде

 

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалпы аудаңы, га. Жалға беру мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы,

оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, ауыл шаруашылығы танаптары  орташа балл бонитет

Сумен қамтамасыз етілуі

Егістік

Жайылымдық

1

Ақан Құрманов уылдық округі әкімшілік шекарасында (қашықтығы 17,5 км, № 1 ЛОТ)

Шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін

Өсімдік шаруашылығы

100,0 га

 

20 жыл

100,0 га

 

 

(35,0) топырақ түрі қара қоңыр

Суландырылмаған

ЕСКЕРТПЕ:

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;  2)  конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау міндеттемелер;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, және жайылымдарды ұтымды пайдалану Қағидаларын, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады. Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын жеке тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түріндегі артықшылық беріледі, бұл ретте бұл адамдар тұру фактісін растауға, конкурстық өтінімді толтыру кезінде тұру уақытын көрсете отырып, тұрғылықты жерін көрсетуге тиіс. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанда жүргізіледі. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс 2025 жылғы 03 ақпанда сағат 10:00 - ден басталады (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) жарияланады Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Шөкан Валиханов көшесі, 9, 4 қабат, кіші мәжіліс залы мекенжайы бойынша шығарылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Атбасар ауданы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar интернет-ресурстарынан немесе «Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ-нің телефондар бойынша алуға болады: 8 (71643) 2-43-71, 2-49-13.