Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында "Қазақстан халқына" Қоғамдық Қоры Қазақстанның барлық өңірлерінде "жазғы жолдама 2024"қайырымдылық жобасын іске қосады.
2024 жылғы 15 наурызда Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан Наурыз мерекесі аясында балаларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету мақсатында сертификат табыс етті. "Ақан Құрманов ауылының ЖББМ" КММ
"Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қоғамдық және қайырымдылық істерде көрсеткен белсенділігі үшін алғыс білдіреді, дені сау ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегіңізді жоғары бағалаймыз!Сіздің адами құндылықтарыңыз ешқашан жақсы жүректеріңізден таусылмасын! Наурыз мерекесімен!