Конкурс өткізу туралы хабарлама.

Конкурс өткізу туралы хабарлама.

Конкурс өткізу туралы хабарлама.

Бұланды ауданының әкімдігі  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі.

 

қ/с

Жер учаскесінің орналасқан жері, жер учаскесінің   лот №

Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде:

 

Аймақтың ауылшаруашылық мамандануы

Жер учаскесінің жалпы ауданы, га жалдау мерзімі, жылдар

Жерлердің құрамы, оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы, (ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша бонитеттің орташа балы)

Сумен қамтамасыз етілуі

егістік

Жайылымдық

1

Ергол ауылдық округі әкімшілік шекарасында

№ 1 ЛОТ

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

 

 

126,8 га

 

20 жыл

 

89,0 га

 

37,8 га

 

(46,6 ) топырақ типі қарапайым  қара топырақтар

Суландырылмаған

2

Айнакөл ауылдық округі әкімшілік шекарасында

№2 ЛОТ

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

 

61,8 га

 

20 жыл

 

 

53,4 га

 

 

8,4 га

(15,7 ) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар

Суландырылмаған

 

Ескерту:

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы жануарларының басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте басылған немесе өшірілмей жазылған түрде ұсынады

нөмірленген  беттері бар тігілген түрдегі сиямен расталады, онда соңғы бет: қатысушының қолымен – жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген тұлға) үшін және бірінші басшының (немесе сенім білдірілген тұлғаның) қолымен және заңды тұлғалар үшін мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте тұратын жеке тұлғаларға кемінде 5 жыл, олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі, бұл ретте осы тұлғалар конкурстық өтінімді толтыру тұрғылықты жерін көрсете отырып, тұрғылықты жерін көрсете отырып, тұрғылықты жерін растауы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2024 жылғы 22 сәуірден бастап 2024  жылғы 15  мамырды қоса алғанда жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы шығарылады (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) 2024 жылғы  16 мамырда басталуы -сағат 10:00-ден Ақмола облысы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19, 3 қабат, БКБ залы.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Бұланды әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады

Ақмола облысы, аудан: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy?lang=kk   телефондары: 8 (71646) 2-26-37,    2-25-84,

«Бұланды ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ.