ХҚКО –сыз баламалы көздер арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету

ХҚКО –сыз баламалы көздер арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету

ХҚКО –сыз

баламалы көздер арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету

 

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Ақмола облысы бойынша филиалы келесі мемлекеттік қызметтерді Egov.kz порталы,   eGov Mobile  қосымшасы арқылы алуға мүмкіншілік бар екенін еске салады:

  • Мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау
  • Мүгедектігіне бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
  • Асыраушысынын айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы
  • Жерлеуге арналған бір реттік төлем
  • Мүгедек баланы тәрбиелеуші әкесіне немесе анасына, асырап алушыға, қамқоршыға жәрдемақы
  • Баланың тууы және бала күтімі бойынша жәрдемақы
  • Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасаушыға жәрдемақы
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы
  • Жұмысынан айырылу, асыраушысынан айырылу, еңбек қабілеттігінен айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табыстан айырылу, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табыстан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер.

Осы қызмет әлеуметтік төлемді тағайындауға құқығы және дербес электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар, ғаламтордың барлық пайдаланушыларына қолжетімді. Электрондық үкіметтің порталына өтінім беру тәулік бойы жүзеге асырылады.

Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылығы өз кезегінде кезектің болмауы және мемлекеттік қызметті кез келген ыңғайлы уақытта, үйден шықпай-ақ ресімдеу мүмкіндігі болып табылады.

Сонымен қатар бала тууына байланысты және бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыны алу үшін Halyk Homebank.kz пен Kaspi.kz қосымшалары арқылы өтініш бере алады.

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, тиісті қызметті таңдайсыз.

          Ары қарай міндетті түрде дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет.

Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы  PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»

Ақмола облысы бойынша филиалы