Ағымдағы жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде Астрахан ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Б.Қ. Алтаев жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілермен түсіндірме әңгіме өткізді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттік қызметшілердің бір-біріне және айналадағы адамдарға құрметпен қарау, парасаттылық, сыпайылық қағидаттарын сақтау сияқты Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері қозғалды. Өйткені, осы принциптерді сақтау ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді.

Ұжымда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды, бұл өз кезегінде ішкі коммуникацияларға, ұжымды біріктіруге ықпал етеді, сондай-ақ қойылған міндеттерді тиімді орындауға бағдарланады.

Жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары түсіндірілді.