КВИ-дан вакцина алмағандар жұмыстан өтемақысыз шеттенуі туралы

КВИ-дан вакцина алмағандар жұмыстан өтемақысыз шеттенуі туралы

Дүйсенбіден бері денсаулық сақтау министрлігі санитарлық норма жариялады. Сол нормада жұмыс беруші міндетті вакцинациядан өтпеген адамды жұмысқа жібермеуі керек екені жазылған. Міндетті вакцина алмаған адамдар ПТР тестіден өтуі керек

Еңбек кодексінің талаптары бойынша бүгінгі таңда жұмыс берушілер республиканың немесе өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысы негізге ала отырып, вакцина алмаған және ПТР тестіден өтпеген жұмысшыларды еңбекке араластырмау керек. Еңбек кодексінің 48-бабының 1-бөлігінде заңнамалық және мемлекеттік органдар шығарған актілер негізінде еңбектен шектеуге жол берілетіні айтылған. Яғни, Денсаулық туралы кодекс бойынша Бас санитар дәрігердің қаулысын орындау міндетті.

Сондықтан қазіргі таңда жұмыс берушілер вакцина алмаған жұмысшыларды еңбектен шектеуге құқылы. Тіпті жұмыстан шеттетілген уақытта айлық төлемей де шектей алады. Бірақ екіжақты келісім болса, айлықтың 50% немесе ең төменгі ебекақы мөлшерін төлей алады. Бірақ екі жақтың да келісімі болғанда ғана осылай болуы мүмкін

©️Төлеген Оспанқұлов, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы