Колутон ауылдық округінің әкімін сайлау

Колутон ауылдық округінің әкімін сайлау

    2021 жылы 31 наурызда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Колутон ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

    Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Рахимов Бахтияр жиналысқа қатысушыларға айтқандай, кандидаттарды ұсыну мен тіркеу бойынша барлық сайлау науқандары күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілді.  Сайлауға  жіберілген 3 үміткер тіркелді.

    Жасырын дауыс беру нәтижесінде Балғабаев Аскерхан Балмұханұлы Колутон ауылдық округінің әкімі болып сайланды.