Дүниежүзілік сайлау күні

Дүниежүзілік сайлау күні

Дүниежүзілік сайлау күні, 2026 жылдың 5 ақпанында, аудандық мәдениет үйінде Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті.

Шараға аумақтық сайлау комиссиясының, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, «Жас сайлаушылар клубының» мүшелері, аудандық ұйымдардың қызметкерлері, Агробизнес және сервис колледжінің студенттері, Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралардың белсенді қатысушылары – мектеп оқушылары қатысты.Ашық есік күнін ашқан, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Сагнаев, жиналғандарды Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтап,  сайлау күніне орай сайлаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы хабардар етіп, іс-шараларға белсенді қатысқандарды мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттады.Ауданның сайлау жүйесін дамытуға, жас және болашақ сайлаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін «Жас сайлаушылар» клубының мүшесі, Агробизнес және сервис колледжінің оқытушысы Ибраева Жанна Ибраевна Астрахан аумақтық сайлау комиссиясының грамотасымен марапатталды.Іс-шараларды белсенді ұйымдастырғаны үшін Астрахан ауылының №2 жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары Филипенко Ольга Тадеушевнамен,  Астрахан ауылының №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Айбат Қонысбайқызы Имантаева аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Дүниежүзілік сайлау күніне арналған викториналар мен пікірталасқа белсенді қатысқан  студенттер Кириллова Камила,  Бушкова Нелли, Тюнькина Екатерина, Иванов Богдан, Дробинин Глеб, Вишняков Антон, Семибратов Артём, Лохбаум Диана, Мезин Сергей,  Сидоренко Карина, Городовой Захар, алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ викторина жеңімпаздары мектеп оқушылары Байдалина Анель, Маймақова Мадина, Ташмағамбетов Аянат, Мұқанова Ансара, Нығмет Дарина, Қадырберді Айнұр, Бегер Кирилл, Қайыров Данияр, Шапеева Зарина, Иванчихин Кирилл, Құрбанова Амира алғыс хаттармен марапатталды.Үздік эссе байқауының жеңімпаздары: Ахметбек Әлия, Жахин Бауыржан, Диана Баева, Скалевой Кирилл, Анастасия Баева алғыс хаттарға ие болды.Ашық есік күні барысында аумақтық  сайлау комиссиясының мүшесі Т.Хабибулина оқушыларды кітап көрмесімен таныстырды. Ол болашақ сайлаушыларға Конституция және олардың сайлау құқығы туралы айтып, болашақта сайлау құқықтарын белсенді түрде жүзеге асыруға шақырды.Келесі кезекте  сайлау комиссияларының мүшелері аумақтық  сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Құсайыновтың дайындаған сайлау туралы бейнероликті тамашалады.АСК төрағасының орынбасары Б.Алтаев округтік  және учаскелік сайлау комиссия мүшелерімен «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңдарды зерделеу бойынша слайд-шоу өткізді.Ашық есік күнін қорытындылай келе іскерлік ойын өткізілді, оның барысында сайлау комиссияларының мүшелері сайлау тақырыптары бойынша тапсырмалары бар істерді алқалы түрде талқылап, қойылған тапсырмаларға өз жауаптарын берді. Содан кейін жиналғандардың барлығымен тапсырмаларды ұжымдық қарау жүргізілді.Ашық есік күніне 60 адам, оның ішінде 40 сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.Жалпы, іс-шара мазмұнды және пайдалы болды.