Дүниежүзілік сайлау күні

Дүниежүзілік сайлау күні

Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде барлық елдер Дүниежүзілік сайлау күнін атап өтеді.

        Бұл мереке 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілді және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауына ие болды. Биыл мереке 5 ақпанда өтеді.        Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша шешімдер демократиялық әдістермен, оның ішінде жалпыхалықтық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы қабылданады. Конституция бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Дәл референдумдар мен сайлауларға қатысу арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік істерді шешу құқығын жүзеге асырады.         Сайлау билікті қалыптастырудың тетігі ғана емес, сонымен бірге әрбір азаматтың өз елінің болашағы үшін жауапкершілігі.Елдің сайлау жүйесінің дамуы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен, сайлаушылардың сайлау белсенділігінің артуымен және жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарға міндеттемелерін қалыптастырумен тығыз байланысты. Сайлау – халықтық егемендікті жүзеге асырудың, қоғамдық пікірді қалыптастыру мен білдірудің негізгі құралы болып табылады. Біздің еліміздегі сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді.         Ауданымыздың барлық сайлаушыларын, сондай-ақ сайлау комиссияларының мүшелерін Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтаймыз!

Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.